Тәуелсіздік күнгі митинг: 55 адамды ұстап әкетті
16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырылды. 55 адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында ондаған азамат Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізген. Алматы қаласында осыған ұқсас рұқсат етілмеген митинг Қазақстан Тәуелсіздігі монументінің жанында өтті.
«Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді.Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда», - дейді Ішкі Істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"