"Костюмім 90 мың теңге": Ұлттық экономика министрі қымбат болса да, отандық өнімді алуға кеңес берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға қымбат болcа да, отандық өнімді алу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол импорттық өнімдерден бас тартуға кеңес берді.
"Бұл жерде тепе-теңдік болуы керек. Егер тек импорттық заттарды сатып алсақ, өз өндірісіміз дамымайды, жұмыс орындары пай болмайды. Импортқа тәуелді болып қалған кезде олар бағаны көтере береді. Ал бізде басқа нұсқа болмай, соған көнуге мәжбүр боламыз. Сондықтан қазақстандық өндірісті дамыту қажет", – деді министр.
Ол өзінің іскерлік костюмін мысалға келтірді.
"Костюмді көрдіңіз бе? Бұл – қазақстандық өндіріс. Біз оған инвестиция салуымыз керек", – деді Қуантыров.
Ол костюмінің құны 90 мың теңге екенін айтты.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”