Тәуекел Мүсілім ұлына марқұм әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды. Желі қолданушылары ақ тілегін арнап жатыр. 

Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының айтуымен, сәбиге Айтөре деп ат қойған. 

Актер ұлымен түскен суретін желіде ашық жариялады. Ұлына марқұм әкесінің тегін берді. 

"Сабыр Айтөре Тәуекелұлы", - деп жазды актер парақшасында.

"Бауы берік болсын! Бақытты бала болсын", "Қандай керемет видео. Тіл-көзден сақтасын", "Әкесіндей текті азамат болсын", "Ата-анасының, әжесінің көз қуанышы болсын.Төре болсын", "Қазақты батыр ұлы болсын", "Тектіден текті туады", "Әкесінің жолын берсін", деп жазды көпшілік. 

"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлік болсын! Бізде енді жауапкершілік артты, Алла соны абыроймен орындауға нәсіп етсін. Саналы ұрпақтарымыз көп болсын! Әумин!", - деп жазды актер. 


90-жылдардың қылмыс серкесі: Тәуекел Мүсілім әкесінің видеосын жариялады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр