Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім мен Бауыржан Сатов қазақ тілін дамытуды қолдап, онлайн-диктантқа қатысатындарын жеткізді

Танымал тележүргізушілер Тәуекел Мүсілім мен Бауыржан Сатов 15 желтоқсанда Stan.kz сайтында өтетін онлайн-диктантқа қатысатындарын жеткізді. 

Тележүргізуші, актер Тәуекел Мүсілім қазақстандықтарды жалпыхалықтық онлайн-диктантқа қатысуға шақырды. Оны телевизиядағы әріптесі Бауыржан Сатов та қолдайтынын жеткізді. 

Еске салайық, онлайн-диктантқа 15 желтоқсанда сағат 8:00-де бастап қатысуға болады. Диктантқа қазірден бастап тіркелуге болады. Ол үшін dictant.stan.kz сайтына өту керек.

Бір ерекшілігі, Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған диктантқа қатысу үшін сізде интернет пен компьютердің болғаны жеткілікті. Барлық қатысушылар атаулы сертификатқа ие болады. Бұған қоса, ең үздіктердің арасында 5 жаңа Huawei смартфондары ойнатылады. 

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Желтоқсан, 2020 13:41
Талқылау