Жаңа үйін көрсетті: Тәуекел Мүсілім қоныс тойын атап өтті
Белгілі қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім өзі жоспарлағандай үйлену тойын атап өте алмады. Алайда жас жұбайлардың отбасында дүбірлі той. Тәуекел мен Махаббат жаңа үйге көшіп, қоныс тойын жасады.
Жас жұбайлар жаңа баспананың жөндеу жұмыстарын аяқтап, қоныс тойын жасады. Өнердегі достарының басын қосып, қуанышын атап өтті. Қуанышқа құтты болсын айтып келгендердің арасында Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова, Айдос Мұқанов та бар. Олар жұбайларымен қатарласа суретке түсіп, желіге жүктеді.
Тәуекел қарбалас сәт пен қоныс тойға дайындық кезін, достарының суретін желіге жүктеп, желідегі оқырмандарына көрсетті.
"Анашым, той құтты болсын! Бүгін қоныс той жасап жатырмыз. Жарты сағат болды қонақтарымыз әлі жоқ. Ет дастарханға қойылды. Етсіз той болмаған", - дейді кадр сыртында Тәуекел Мүсілім.
Видео сыртында домбыра үні шырқалып тұр.
Көпшілік құтты болсын айтып, ақ жарма тілегін арнады.
"Құтты болсын! Үйі құанышқа, бақытқа толы болсын!", "Құтты қоныс болсы. Тамақты неге үйден дайындамасқа", "Үй құтты болсын! Іші жанға, сырты малға толсын! Бақ - береке кетпесін!", "Қоныс құтты болсын іші сәбиге толсын шаттық пен береке болсын", "Нағыз қазақ, ет, домбыра", деп жазды олар.
Айта кетейік, Тәуекел Мүсілім карантин уақытының ұзартылуына байланысты үйлену тойының болмайтынын атап өткен еді.
90-жылдардың қылмыс серкесі: Тәуекел Мүсілім әкесінің видеосын жариялады