Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслім: Жарымның ұлты – қазақ, діні – ислам болатыны сөзсіз

Белгілі актер, тележүргізуші, әнші әрі сан қыздың арманы болған Тәуекел Мүслім болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтып берді.

image

Фото: instagram.com/mussilim/

Алғашында сән әлемінде бағын сынап, артынша бейнебаяндар мен түрлі киноға түсіп үлгерген жігіттің өмірлік серігі туралы мәлімет көп адамды қызықтыратыны сөзсіз. Тәуекел сүйіктісінің бар-жоғы туралы нақтылап айтпаса да, жүрегін жаулайтын бойжеткеннің қандай болуы керектігімен бөлісті.

“Үйленгім келмейді деген ұран ұстанып жүрген жоқпын. Қазақта жүгірген жетпес, бұйырған кетпес деген аталы сөз бар. Бұйрық болған күні үйленіп қалармыз. Өнерде жүрген соң бос уақыттың барлығы дайындықпен өтіп кетеді. Бар айтатыным, болашақ жарымның ұлты – қазақ, ал діні – ислам болады”, – дейді Тәуекел Мүслім “Әйел бақыты” бағдарламасында.  Мұнымен қатар, болашақ жарының туған әпкесіне ұқсағанын қалайтынын тілге тиек етті.

27 жастағы тележүргізуші елбасының ақылына құлақ асып, үй салған соң бірақ үйленбек ниетте. Қыздар арасында өскен тележүргізушінің ата-анасы 2 жасында айырылысып кеткен. Содан бері анасының қолында тәрбиеленген екен.


Оқи отырыңыз:

Асылхан Төлепов пен Тәуекел Мүслім “Медеуді” қоқыстан тазалады

Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ

Талқылау