Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім сүйіктісі жайлы: Ол мені мүлдем елемеді

Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші ғашығы жайлы сыр шертті. Ол сүйіктісін алғаш көргенде-ақ ұнатқанын айтты. Алайда бір қызығы, талай қызға арман болған Тәуекелді ол бойжеткен көзіне де ілмеген.

Тәуекел Мүсілім

Бұл туралы Тәуекел “Хайптама” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Сырттай көріп қалдым, маған ұнады. Қазір ғашықпын деп айтсам да болады. 15 минуттай қарап отырдым, сол уақытта маған бір рет те қараған жоқ”, – деген Тәуекел өзіне қарамайтын қыздардың көп екенін де жасырмады.

“Есім кетіп тұрған сәт болды. Бәрібір де танысу керек, басқа ондай мүмкіндік болмайтынын сездім. Бардым, таныстым. Телефон номерін сұрасам, бермейді. Біріншісі “нокдаун” болды, кішкене әлсіреп қалдым. Ал телефонын бермеймін деген кезде “нокаут” болды.

Биыл үшінші курста оқып жатыр, келесі жылы оқуын бітіреді. Өзім ресми түрде жариялағаннан кейін, тойдың қашан болатынын білесіздер”, – дейді Тәуекел.

Актердің айтуынша, бойжеткен оны бірден таныған, алайда мүлдем елемеген. Ал Тәуекелдің өзінен 11 жас кіші сүйіктісі 1999 жылы туған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау