Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап кино түсірмек
Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап кино түсіруді армандап жүр. Тек ол үшін актер жігіт біраз еңбектеніп, қаржы жинамақ ниетте. Ал әзірге Тәуекел фильмнің сюжеті мен құрылымын жоспарлауда.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Өзім жүзуге қатысамын. 1 сағат уақыттай тоқтамай жүземін. Сол уақытта неше түрлі ой келеді. Сол кезде әкем туралы фильм түсіремін деп ойлаған едім. Өзіміздің қазақ бауырларымызға, қарындастарымызға неге сес қылмаймыз деген сияқты, киноның басына соны қойып, “сабыр” деп жазып қойсам деймін. Басты рөлге әзірге білмеймін, мүмкін әкемнің рөлін өзім ойнармын”, – дейді Тәуекел.
Айта кетейік, Тәуекелдің фильмі әкесінің есімімен, яғни “Сабыр” деп аталуы мүмкін.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі