AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім қалыңдығымен бірге журнал мұқабасына шықты

Досы Артурдың ізімен Тәуекел Мүсілім де бойдақтық өмірмен қош айтыспақ! Таяуда сүйіктісі жайлы бар шындықты айтқан актер үйленуге шындап ниет етіп отырған ұқсайды. Ол, тіпті болашақ қалыңдығымен бірге отандық журналдың мұқабасына шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тәуекел Мүсілім қалыңдығымен бірге журнал мұқабасына шықты

Тәуекел Мүсілім десе сан мыңдаған қазақстандық қыздардың жүрегі елең ете қалады. Сымбатты да бойшаң жігіт осы уақытқа дейін бірталай арумен көзге түскен еді. Көпшілік оны Гүлназ Жоланова, Мақпал Исабекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, тіпті Ерке Есмахан сынды танымал бикештермен жұптастырып үлгерген. Оған өзіндік себеп те жоқ емес.

Отандық телехикаялар мен бейнебаяндарда Тәуекел аты аталған қыздардың барлығымен дерлік жұптасты. Тіпті, сезімге ерік беріп, Жанар Дұғаловамен оттың ортасында сүйіскені әлі ел есінде.

Десе де, Мүсілімнің сүйіктісі өнер әлемінен емес. Бұл туралы Тәуекелдің өзі жуырда сыр ашқан болатын. Әдетте жеке өмірі жайлы сұрақтарға екіұшты жауап беретін актер бұл жолы расымен де үйленуге ниет етіп отырғанын, тіпті арманындағы аруды кездестіргенін айтты.

Тәуекелдің сүйіктісі өзінен 11 жас кіші студент. Қос ғашықтың үйлену тойы қашан болатыны белгісіз. Десе де, Wedding for Seasons журналының мұқабасына қарасақ, тойдың да ауылы алыс емес көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр