Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім “қалталы көкесінің арқасында танылды” деп сынайтындарға жауап берді

Көпшілік Тәуекел Мүсілімді сыртқы келбеті үшін ұнатады. Мұны Тәуекелдің өзі де жоққа шығармайды. Десе де, Тәуекел адамның бір ғана сыртқы бейнесі арқылы биікке көтеріле алмайтынына сенімді.

18382704_1919010784982046_8176289345443987456_n

Бұл туралы актер L’Officiel Hommes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Тәуекел табиғат берген келбетті пайдаланып, қол қусырып отыратын жігіттердің қатарынан емес. Ол “еңбектің нанының тәтті болатынын” жақсы біледі. Бүгінгі атақ пен мансап та актерге бір күнде келе салмаған.

Анасы ұл-қызын жалғыз тәрбиелегендіктен, оның Тәуекелді оқытуға мүмкіндігі болмаған. Сол себепті ол Тәуекелге: “Грантқа түссең оқисың, түсе алмасаң әскерге кетесің”, – деп шарт қойыпты. Мүмкіндігі жоғары болғандықтан, Тәуекел көпсалалы физика пәнін таңдап, Қ.Сәтбаев атындағы техникалық университетке оқуға түскен. Алайда “машина жасау” мамандығы Тәуекелдің жан қалауы болмаған.

Сөйтіп жүргенде ол әпкесінің досынан модельдік кәсіп туралы естиді. 4-курста оқып жүріп, модель ретінде қосымша табыс табады.

“Сол кезде ойыма бірінші келгені: “Ешқашан мұншалықты көп сұлу қыз көрмедім”. Мен әркез байсалды, ұяң, өз-өзіне сенімсіз, тіпті, тұйық бала болатынмын, өз ойымды ашық айта алмайтынмын. Бала кезімде анам құрбыларының үйіне қонаққа шақырса, мектептен кейін бірінші барып алып, анам келмейінше үйге кірмейтінмін. Ал модельдік кәсіпте мен ашыла түстім, мінезім өзгеріп, өзімді басқа қырынан таныдым. Маған өзімнің дене бітімім ұнамайтын, бойым 190 см бола тұра өте арық едім. Сол себепті үнемі бүкірейіп жүретінмін. Сосын өзге жігіттерге қарап, спортпен айналыстым. Ақырында салмақ қосып, ұзын бойдың артықшылығын сезіндім”, – деп ағынан жарылды Тәуекел.

Тәуекел бала күнінде мамандық туралы ойламағанын айтады. Әрі кетсе кәсіпкерлікпен айналысамын деген Тәуекел тек футбол ойнағанды ұнатқан. Алайда өзінің айтуынша, әкесінің тәрбиесін көрмегендіктен, спортта жол нұсқаушысы болмаған. Дәл осы себепті ол спорттың бірнеше түрін орта жолдан тастап та кетіпті.

Бүгінде Тәуекелді миллиондар таниды. Алайда мамандар оның бұл табысқа шынайы еңбекпен қол жеткізгеніне күмән келтіреді. Ондайларға Тәуекелдің өз жауабы бар.

“Мен өзгелерден ерекшеленуді немесе мақтанғанды ұнатпайтын қарапайым жігітпін. Өзімді еңбекқор адамға жатқызамын. Көпшілік мені ақшаның немесе беделді көкесінің арқасында көтерілді деп ойлайды. Алайда менің артымда ешкім тұрған жоқ. Бүгінгі қолда барым – анамның тәрбиесінің жемісі. Әркез алға ұмтылу керек, мүмкіндіктің шегі жоқ, адам мақсатты дұрыс қоя біліп, жұмыс істейтін болса, ол ақырында діттегеніне міндетті түрде жетеді. Айтпақшы, мені мойындамай, барлығына тек сырт келбетінің арқасында қол жеткізді дейтін кинорежиссерлер, киносыншылар мен актерлер мені еңбектенуге шабыттандырады. Әрине, сырт келбетімнің де көмегі болғанын жасырмаймын. Бірақ бір ғана сымбаттылығыммен алысқа бара алмайтыныма сенімдімін. Сондықтан кәсіби қасиеттерді дамыту қажет”, – деп түсіндірді Тәуекел.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Астанада өтетін концертінде Лара Фабианмен дуэт орындайды

Құралай Нұрқаділова әкесінің басынан өткен бір оқиғаны айтып берді

Әли Оқапов жаңа пәтер алып, қоныс тойын тойлады

Мүгедектер арбасындағы қыздың биі желідегілерді таңғалдырды (видео)

Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді

Талқылау