Тауар құны 80 миллион теңге: Алматыда вейпті заңсыз сатқан қойма анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі электронды темекіні (вейп) заңсыз сатқан қоймаларды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тінту кезінде жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленген.
“Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар агенттік ата-аналарға балаларының мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуды сұрады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн