Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тау асуындағы 9 туристің жұмбақ өлімі: Прокуратура өлімнің ресми себебін атады

Игорь Дятловтың туристік тобы 1959 жылы Солтүстік Оралда жұмбақ жағдайда өлім құшты. Қайғылы оқиғадан жарты ғасыр өткен соң өлімнің нақты себебі аталды. 9 турист қар көшкінінен қаза тапты. Бұл туралы Екатеринбургте өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Орал федералдық округі бойынша бас прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары Андрей Курьяков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Игорь Дятлов

"Қар көшкінінің нұсқасы толық расталды", - деді ол.

"Туыстары бұл қорытындыға келіспейді", - деді Дятлов тобының қорғаушысы Евгений Черноусов. - Біз келіспейміз, сонда айтылғандардың барлығын талдаймыз. Іс жүзінде бұл тексеру ештеңе бермеді".

Дятлов тобының өлімі - кеңестік/ресейлік туризм және экстремалды спорт тарихындағы ең ауқымды және ең жұмбақ қайғылы оқиға. Тоғыз саяхатшының өлімінің 75 нұсқасы бар.  Дятловтың тобының өлімін инфрадыбыстық немесе психотроптық қаруларды сынап көрумен, шарлы найзағаймен, қашқын тұтқындармен, қасиетті тауларына саяхаттау себебімен өлтіруі мүмкін деп жергілікті манси халқының өкілдері,  браконьерлік милиционерлер, Оралда ядролық нысандарды іздеген америкалық тыңшылардың қастандығымен, белгісіз табиғи құбылыспен, тіпті қар адамдары және өзгепланеталықтармен байланыстырылды. 

1959 жылы 27 қаңтарда радиотехника факультетінің 5-курс студенті 23 жастағы Игорь Дятлов басшылық еткен Орал политехникалық институтының спорт клубынан тоғыз тәжірибелі туристер тобы шаңғы жорығына аттанды. 

16 күн ішінде Дятловтың тобы 350 шақырымға шаңғы теуіп, Орал жотасының екі шыңына, Отортен және Ойка-Чакурға көтерілуге ​​тиіс еді. Сапар үшінші, ең жоғары қиындық санатына жатады. Жоспар мен бағытты Свердлов қалалық дене шынықтыру және спорт комитеті жанындағы комиссия бекітті. Топта рациялар болған жоқ және жорық кезінде байланыс қарастырылмаған.

Алайда 12 ақпанда топ межелі жерге келмеді. 20 ақпан іздеу басталды. Тағы алты күннен кейін Холатчахль тауының шығыс беткейінен Ивдельден солтүстік-батысқа қарай 128 шақырым жердегі жабайы жерден алты адамның денесі, кейін тағы үш туристің денесі табылды. Бірнеше ондаған метр биіктікте олардың жан-жағы жыртылған шатыры болды.

Мәйіттерде жылы киім-кешек болмаған, үшеуі жарақат алған, күрес іздері болған жоқ. Сот медициналық сараптама анықтағандай, өлімнің тікелей себебі гипотермия болды.

Трагедия орнының картинасына қарағанда, туристер түнеу үшін тоқтаған, содан кейін белгісіз себептермен барлығы кенеттен шатырдан шығып кеткен. Шатырда қалған заттар сол күйінде тұрған.

"Олардың қаза болуының себебі - адамдар еңсере алмаған стихиялық күш", - делінген қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда.

Жақын маңдағы тау асуы Дятловтың есімімен аталды, бұл барлығысол жерде болды деген қате пікірге алып келді. Өткен жылдың ақпан айының басында, қайғылы оқиғаның 60-жылдығы атап өтілген кезде, Свердлов облыстық прокуратурасы жаңа тексеруді бастады. Оған марқұмдардың туыстардың өтініштері себеп болды және сол кездегі тергеу кезінде Дятлов тобының қаза болуының нақты себебін айтылмаған еді. Тергеу түнде шатырға қар көшкіні кірді деген қорытындыға келді. Туристер жаңа қар көшкіні болады деп қорқып, шатырды жыртып, одан шыққан.

"Топ тас жотасына қарай 50 метр төмен түсті. Бұл табиғи көшкінді шектеудің жалғыз жолы. Олар барлығын дұрыс жасады", - деді прокуратураның өкілі Андрей Куряков.

"Бірақ мұнда туристердің өлімінің екінші себебі бар. Олар артқа бұрылғанда,  шатырды көрмеген. Көріну 16 метр болды. Олар 50 метр алыстап кеткен", - деп түсіндірді ол.

Тергеу мәліметтері бойынша, туристер шатырды таба алмай, одан әрі түсіп, от жағады. Содан кейін қайтып оралуға тырысқан, бірақ жартылай жалаңаш болғандықтан, суықта тоңып, қаза болған: температура минус 40-45 градус болды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2020 16:35
Талқылау