Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәтті сатып алған: Атырау облысында 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесін жұмсап жіберген

Атырау облысында 7 жасар қызы анасы жоғалды деген ақшаға тәтті сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында болған. 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесіне тәтті сатып алған.

Әйел аудандық полиция бөліміне 45 мың теңгесі жоғалғаны туралы арыз түсірген. Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғанын анықтауға кіріскен.

"Шағым айтқан азаматшаның кәмелетке толмаған 7 жасар қызының дүкенге барып, мол тәтті алғанын анықтады. Полиция инспекторы қыздың көрсетуімен азық-түлік дүкеніне барып, сатушыға болған оқиғаны түсіндірген. Дүкеншінің айтуынша, кішкентай қыз бірнеше түрлі тәтті алып, қолындағы 45 мың теңгені беріп кеткен", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жоғалған ақшасы табылған тұрғын учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты.

Талқылау