Тәтті өмір: Ғалымдар денсаулыққа пайдалы шоколад түрлерін атады
Лома Линда университетінің америкалық мамандары құрамында какао мөлшері жоғары қара шоколадтың арқасында адамның иммунитеті жақсарып, ми қызметінің белсенді болатынын анықтады.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Зерттеу барысында ғалымдар какаоның адам ағзасына қалай әсер ететініне назар аударды.
Тәжірибе кезінде 70 пайызын какао құрайтын шоколадтың иммундық жүйеге оң әсер ететін, жасушааралық сигнал жолдарын жақсартатыны белгілі болды.
Сондай-ақ, зерттеушілер 48 грамм шоколадтың әртүрлі ақпаратты жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектесетінін анықтай алды. Оған қоса электроэнцефалограмма гамма аймағындағы мидың белсенділігінің артуын (жиілігі 25-тен 100 герц) анықтады.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"