Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Татарстанда мұғалім әйел мен оқушы қыздың жыныстық қатынасына байланысты іс қозғалды

Татарстанда мұғалім мен оқушы арасындағы жыныстық қарым-қатынасқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

6961

Фото: petrogazeta.ru

Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасының таратқан мәліметіне сәйкес, РФ ҚК 134 бабы 2 бөлімі (он алты жасқа толмаған оқушымен лесбилік қатынас жасау) негізінде іс қозғалуда.

22 тамыз күні таңертең 15 жастағы қыз жыныс мүшесінің жарақаттануымен Альметьевск қаласы ауруханасының гинекологиялық бөліміне түскен.

Тергеу дерегі бойынша, осы жылдың қаңтар айынан бері кәмелетке толмаған қыз “орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін өзінің 24 жастағы мұғалімімен жүйелі түрде жыныстық қарым-қатынас жасаған”. “Кезекті жақындасу кезінде 21 тамыз күні қыздан қан кетіп, ол бірнеше сағатқа созылады. Нәтижесінде жасөспірім қыз ауруханаға жеткізілген”, – делінген хабарламада.

Бұл жағдайға қатысы бар екенін мұғалім толықтай мойындаған. Алдағы уақытта оқушы қыздан психологтардың көмегімен сұрау алынбақ.

Талқылау