Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Татарстанда араққа тойып алған әйел екі жасар ұлын терезеден лақтырып жіберді

1 тамыз күні екі жасар бала әжесі және анасының азаматтық некедегі күйеуімен бірге серуенге шыққан. Ал 33 жастағы әйелді мас болғандықтан олар үйде қалдырыпты.

religiya

Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлайды.

Бірақ, күдікті әйел бәрібір көшеге шығып, туыстарымен жанжалдасады. Сосын отбасы қайтадан үйге қарай бет алады. Алайда подъезде күдікті әйел баланы күйеуінің қолынан тартып алып үйге кіріп, есікті жауып алады. Осыдан соң ол баланы екінші қабаттың терезесінен лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен.

Қазір зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал әйелдің қабырғалары сынып кеткен.

Қазіргі таңда Татарсанның құқық қорғау органдары әйелдің әрекетіне қатысты “Баланы өлтіруге оқталды” деген баппен іс қозғады. Ал әйел өз кінәсін мойындамаған.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда өзінің егізінен “жүкті” болып қалған сәби өмірге келді

Қытайлық полицейлер ұялы телефонында Құран мәтіні болғаны үшін қазақ қызын тұтқындады

Неліктен Үндістанда әйелдер күйеулерін аттарымен атамайды

Қытайда азамат өз ата-анасын, одан кейін 17 куәгерді өлтірген

Талқылау