Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эрик Тәстембеков танымал әншілермен бірге топ құрды

Қазақстан эстрадасында жаңа топ пайда болды. Танымал продюсер Ерік Тәстембеков Әли Оқапов пен Кенталмен бірігіп жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

ЭТА_3

Бұл туралы продюсер желідегі парақшасында жазды.

«Топ құрамыз деп шештік. Атауы ЭТА (Эрик, Талғат, Али) немесе ТОК (тегіміздің бірінші әріптері бойынша) немесе КОТ. Ал сіздер қандай атау ұсынар едіңіздер, достар?» – деп сұрады Тәстембеков.

Желі оқырмандары продюсерге ұсыныстарын білдірді.

«Егер креативсіз десеңіз, ЭРТАЛИ немесе осы сынды комбинация құрастыруға болады», «ТаЭрАл (Талғат, Эрик, Али)», «КТО ТА», «ЭТА КОТ», – деп жазды желі оқырмандары.

Тәстембеков қалдырған ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Ақбота Керімбекова өзі асырап-баққан күйеулері туралы айтып берді

RinGo әншісі: Жұбайыма бір көргеннен ғашық болдым дей алмаймын

Аша Матай әкесінің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

Талқылау