Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасманияда 230-ға жуық кит жағаға шығып қалған

Тасманияда бірнеше күнде 230-ға жуық кит жағалауға шығып қалған. Аралдың оңтүстік-шығыс жағалауында бастапқыда 14 кашалот табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киттер

Тасмания табиғи қор және қоршаған орта департаменті Оушен-Бич жағалауына шығып қалған үйірдің гриндалар екенін және олардың жартысы тірі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Су жануарларын құтқару бағдарламасының командасы киттерді құтқаруға арналған жабдықтарды жинап, осы ауданға аттанды", – делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін жергілікті тұрғын Маккуори айлағына кіреберісте киттердің байқалғанын айтқан. Жергілікті билік тұрғындарды бұл маңға жақындамауға шақырды. 

14 кашалот Кинг аралында, Басса бұғазы мен Мельбурн арасында және Тасмания жағалауында 19 қыркүйекте анықталған. 

Киттердің жағалауға не үшін шығып қалатыны түсініксіз. Екі жыл бұрын Тасманияның батыс жағалауындағы құм қайраңдарында 470 кит анықталған. Бұл Аустралия тарихындағы ең көп киттердің жағаға шығып қалуы болды. Бір аптаға созылған жұмыстардан кейін 111 кит құтқарылды. 

Талқылау