Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов алдағы үш жыл бойы ҰҚШҰ-ны басқаруы мүмкін

Белгілі қазақстандық мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов алдағы үш жылда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚазТАГ сайты жазады.

"Бас хатшы Сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынысы бойынша мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан Кеңестің шешімімен үш жыл мерзімге тағайындалады", – делінген ҰҚШҰ жарғысында.

Осылайша, егер Тасмағамбетов тағайындалса, 2025 жылдың соңына дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы болады.



Агенттік бұған дейін алдымен анонимді Telegram арналарда, содан кейін саясаттанушы Ербол Еділовтың Telegram-арнасында және Vlast интернет-басылымында Тасмағамбетов келесі ҰҚШҰ бас хатшысы болып, беларусь Станислав Застың орнына келетіні туралы тараған ақпараттарға сүйенген.

Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, одан бұрын, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде премьер-министр содан соң қорғаныс министрі болды. Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметтерін атқарды, президент әкімшілігін басқарды және басқа да бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерде болды.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр