Тасымалдаушы компаниялар қазақстандық жүкті қабылдаудан бас тартты: Кәсіпкерлер шағымдарын білдірді
Белгілі кәсіпкер, Kusto Group компаниясының иесі Қанат Көпбаев бизнес қауымдастығына, үкіметке және мемлекет басшысына ашық хат жолдап, көмек сұрады. Ол қазақстандық жүктердің жеткізілуі мен елімізге жүктердің қайтып келуінде мәселе туындағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкердің айтуынша Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан кәсіпкерлеріне де "кесірін" тигізіп жатқанын баса айтып, бизнес қауымдастығын мәселенің тереңдігін елдің үкіметі мен тиісті ведомстволарына жеткізуге шақырды.
"Мен 20 жыл бойы халықаралық бизнеспен айналысамын, бірақ өмірімде мұндайды көрген емеспін. Қырым жағдайында да, Сириядағы оқиғалар кезінде де біз мұның бәрінен аман қалдық. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұр. Баршаңызға белгілі, біздің жүктердің 90 пайызы Ресей арқылы өтеді", – деп жазды ол.
Көпбаевтың айтуынша, бір тәулікте барлық ірі кеме компаниялары жүктерді, оның ішінде Қазақстаннан келген жүктерді қабылдаудан бас тартқан.
"Бір-екі сағаттың ішінде Антверпен, Гамбург, Пиреней, Роттердам, Мугга жүктерді қайта тиеу транзиттік порттары Ресей мен Қазақстаннан жүктерді қабылдаудан бас тартты. Бірде-бір кеме портқа кірмейді және жүкті қабылдамайды, барлығынан бас тартты", – деді кәсіпкер.
Ол қазір төлем жүйесіне түгелдей шектеу қойылғанын алға тартты.
“Біздің еуропалық әріптестеріміз еуропалық банктер Ресей мен Қазақстандағы барлық төлемдерге тосқауыл қойып жатқанын мәлімдеді. Сорақысы, үнділік компаниялар АҚШ-тағы корреспонденттік шоттары арқылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына төлем жасауға рұқсат етілмейтінін айтты. Қазір бүкіл әлем Ресейге қарсы, біз де бір қайықтамыз. Әрине, біз олар үшін Гитлер емеспіз, бірақ біз қазір Муссолиниміз”, – деп жазды ол.
Сонымен қатарКөпбаев мұндай тығырықтан шығу үшін мемлекеттік қызмектерлердің жұмыс жасауы қажеттігін алға тартты.
“Олар мәселенің тереңдігін түсінбей отыр. Біз экономикамыз 2022 жылдың қаңтарынан әлдеқайда нашарлауы мүмкін. Шешім бар. Үкімет пен басқа шенеуніктер кеңселерде отырмай, порттарға барып, Еуропалық Одақпен, мемлекеттік департаментпен, қытайлықтармен және т.б. кездесіп, күндіз-түні жұмыс істеуі керек. Осындай жағдайда мемлекет қайраткерлері дүниені шарлап, жүк тасымалдау мәселесін шешудің орнына партияның атын өзгертумен айналысып отыр”, – дейді Көпбаев.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
