Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тәртіпсіз қыздың” кейпіне енген Салтанат Бақаева сынның астында қалды (фото)

Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева “тәртіпсіз қыздың” кейпіне еніп, сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бакаева-230217

Бұл Салтанаттың театр қойылымындағы образы болса керек-ті. “Күлеміз бе, жылаймыз ба” атты спектакльде Салтанат дәл осындай киім киген.

“Бұл Салтанат емес, бұл Эля. Ұрыстың керегі жоқ. Өз жұмысымды жақсы көремін”, – деп жазды Бақаева.

Салтанат ұрыстың қажеті жоқ десе де, желідегілер оны ерсі киімі үшін аямай сынап тастады. Оның бұл жарияланымына 1000-ға жуық пікір қалдырылды. Оның басым бөлігі жағымсыз. Тек кейбір желі оқырмандары актриса болғандықтан сахнаға түрлі образда шығуға тура келетінін айтып, Салтанатқа түсіністікпен қарады.

Бакаева-3-230217

“Қазақ қыздарының ішіндегі тәуірі деп жүр едім”, “Ұят”, “Қанша жерден актриса болсаң да, бірінші кезекте сен анасың, келінсің, жарсың. Бұл суретің ұят болды. Салтанат, ең болмаса халыққа көрсетпей-ақ қою керек еді”, “Осы суретпен сен өзіңмен қоса ата-анаңды, балаларыңды, жолдасыңды ұятқа қалдырдың”, “Керемет, бірақ өмірде ондай болмасын, жаман образ”, “Қазақ емессің ба?”, “Қазақтың әншілері неге шетелге еліктейді. Салтанат үстіңдегі жараспайды, масқара”, “Сахналық образ екенін бәріміз де түсінеміз. Бірақ оны ел назарына ұсынудың қажеті қанша? Күйеуі де оның туыстары да бұл суретті құптамасы анық”, – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз: 

Продюсеріне тұрмысқа шығатын Луина той көйлегін көрсетті (фото)

Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалды

Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды

Ерлан Орынбасаров Баянның тұңғышымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты

 

 

Талқылау