Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсір де сыйақы үшін полицияға жібер: Ақпаратқа ІІМ жауап берді

Тәртіп бұзғандарды фото-видеоға түсір де полицияға жібер. Ал біз сыйақы төлейміз! Әлеуметтік желіде тараған осындай ақпарат тұрғындарды таң қалдырып қана қоймай шамбайына қатты тиген сыңайлы.

Желі қолданушылары ғаламторда наразылықтарын ашық білдіріп қана қоймай, алдағы уақытта енгізілуі мүмкін деген мұндай бастаманы мазақ етіп те үлгерді, деп хабарлайды Евразия.

Дәл осы ақпарат интернетте желдей есіп, соңғы аптада қызу талқыланғаны рас. Әзілмен елді қарық қылып жүргендер тіпті күлкілі видео түсіріп үлгерген.

Қоғамда болып жатқан мәселелерді байқап, тамырын дәл басып пікір білдіретін блогер Яков Федоров көпшіліктің «бұл қолға алынбақ бастаманы әзілге айналдыруы негізсіз емес» дейді. Соңғы жарты жылда тіркелген атышулы жайттардан кейін халық Ішкі істер органдарның әрбір ісіне тіксіне қарайды екен.

«Полиция мәселелерді өз күшімен шеше алмағандықтан халықтан сұрамақшы осы қосымшамен. Сол себепті менің ойымша бұл ақшаны халыққа емес, қосымшаны пайдаланатын адамдарға емес қарапайым полицейлерге беру керек. Өйткені олардың ақысын көтерсе оларда парақорлыққа ниеті болмайды», – дейді блогер Яков Федеоров.

Ашық ақпарат көздерінде жарияланған деректерге сәйкес салынған айыппұлдың 40 пайызын сыйақы ретінде берілсе фото не видео жіберер ме едіңіз деп тұрғындардан да сұрап көрдік.

«Кей адамдар бар мұндай жағдайда ақша керек адамдар бір адамның артынан жүгіріп именно сол адам туралы келеңсіз ақпараттар жинауы мүмкін. Осы жағынан заң органдары жақсылап қараса дұрыс болады».

«Бұл мәселеге келгенде байқау керек. Біріншіден, қаражат тапқысы келетіндер көбейіп кетуі мүмкін. Екіншіден, бір ғана жоба қоғамның өзін екіге бөліп түсініспеушіліктердің көбеюіне әкелуі де ғажап емес».

«Кейбір адамдар қарсы болуы мүмкін. Себебі, ол әр адамның жеке өміріне араласу деген сияқты. Сондай мағынада түсінуі мүмкін».

Жалпы, қауіпсіз қоғамды қалыптастыру тек ішкі істер органдарының ғана мүдделі мақсаты болмауы керек. Заңгер Ахметжан Бейсенбеков осы ойын ортаға салды. Тіпті еліміздің құқықтық тәжірибесінде мұндай әдіс тың жаңалық емес, дейді.

“Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарда сыйақы төлеу тәжірибесі бар. Егер де сол логикаға сүйенетін болсақ, неге әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты әрекеттерде, ұзақ бұзақылыққа қатысты әрекеттерде осы тәжірибені қолданбасқа деген орынды сұрақ туындайды”, – дейді заңгер Ахметжан Бейсенбеков.

Ішікі істер министрлігі «Құқық бұзушылықтар туралы фото және бейне материалдар үшін азаматтарға сыйақы төлеу басталды деген хабарлама шындыққа жатпайды» -деп отыр. Бірақ, мұндай идеяның алдағы уақытта енгізілуі мүмкін екенін жасырмады.

«Министрлік ІІМ жаңғырту аясында арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Бұл мобильдік қосымшада азаматтардың заң бұзушылықтар туралы фотосуреттер мен бейнематериалдарды сыйақы үшін жіберу қызметі қарастырылады. Нақтылақ айтатын болсақ, бұл мәселе қаралу үстінде. Осындай мобильдік қосымшаны іске қосу бір күнде бітпейді. Барлық заңнаманы талдап, тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу қажет», – дейді ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментің директоры Алмас Сәдубаев.

Мейлі, мұндай жоба қолға алынсын делік. Сонда айыппұлдың бір бөлігін сыйақы ретінде алатын азаматтың дәрежесі қандай болмақ? Кәсіпкер? Белсенді? Ол сол табысы үшін салық төлей ме? Мамандардың пікірінше, министрлік аталған идеяның шикі тұстарын реттеп алмай, қолданысқа енгізсе дау туындайтыны анық. Ал ол кезде қоғам алдында жауап беру керек болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр