"Тарихтағы ең нашар сурет": Трамп Капитолийде ілінген портретін ұнатпай қалды
АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штатының Капитолийінде ілінген портретін ұнатпады. Ол суретшінің бетін әдейі бұрмалап салғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: The Hill
Америка президенті Колорадо билігінен галереяға орнатылған портретін алып тастауды талап етті.
"Кез келген адам өзінің жаман салынған суретін немесе портретін ұнатпайды. Бірақ Колорадо Капитолийіне ілінген сурет әдейі бұрмаланған. Мұндай портретті бұрын-соңды көрмеген шығармын", – деп жазды ол жексенбіде Truth Social сайтында.
Ол Обаманың портреті әдемі жасалғанын, өзінің портреті қорқынышты екенін айтты.
"Шамасы, суретші жасы ұлғайған сайын талантын жоғалтқанға ұқсайды", – деп жазды Трамп.
Фото: Truth
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Outkick басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың одан әрі өршуін тежеу жұмыстары бақылауда екенін және екі ел арасындағы соғысты тоқтатуда өзінің қаншалықты маңызды тұлға екенін айтқан еді.