Әлемнің "ең қарт азаматы" қайтыс болды
Оңтүстік Африка Республикасының тарихтағы ресми тіркелмеген, ең қарт 116 жастағы тұрғыны Фреди Блом қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, африкалық тұрғын 1904 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Жасөспірім кезінде оның бүкіл отбасы испан тұмауынан көз жұмған. Ол бүкіл өмірін егіншілікке және құрылыста жұмыс істеуге арнады. Бломның 46 жыл бойы бір әйелмен некеде болған. Олардың үш баласы, бес немересі бар.
114-те Блом темекіні тастау туралы ойлана бастады. Жасының ұлғайғанына қарамастан, ол өздігінен жүре алды. Тек есту қабілетінің нашарлауына және жас кезіндегідей жылдам жүрмейтініне қапалы болды.
Өлімінен екі апта бұрын, туыстарының айтуы бойынша, Блом ағаш жарып, өзін жақсы сезінген. Алайда, көп ұзамай, ол ауруханада табиғи себептерден қайтыс болды.
Блом өзінің ұзақ өмір сүруі құпиясы жоғары күштердің еркі дейді.
Фреди Блом Оңтүстік Африканың ең қарт тұрғыны деп танылды. Сонымен бірге, Оңтүстік Африканың ең ірі басылымдарының бірі "The Times" Блом әлемдік рекордта ең ұзақ өмір сүрген адам ретінде тіркеле алады деп жазған.
Ресми мәліметтер бойынша, ең көп өмір сүрген қарт адам - 116 жыл 54 күн өмір сүрген жапондық Дзироэмон Кимура. Егер Фреди Блом шынымен 116 жыл 106 күн өмір сүрсе, онда ол өмір сүрген ең қарт адам деп есептелуі мүмкін. Қазіргі уақытта ең қарт адам 111 жастағы Румынияның Бухарест қаласының тұрғыны Думитру Команеску болып саналады.
Ең ұзақ өмір сүрген Жанна Калман 1997 жылы 122 жас және 164 күнінде қайтыс болған. Зерттеушілер оның жасына күмән келтіруде.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
