Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихта алғаш рет қазақ қақпашысы Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды

Чемпиондар лигасыФото: “Қайрат” фк

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы “Олимпиакоспен” өткен ойында 1:0 есебімен ұтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда бұл тартыста қақпашы Темірлан Анарбеков тағы да матчтың басты қаһарманына айналды. Ол ойын барысында қарсыластың қауіпті соққыларын қайтарып, “Қайраттың” қақпасын талай голдан аман сақтап қалды.

Нәтижесінде Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік (MVP) ойыншысы атанды. 
Тарихта алғаш рет қазақ футболшысы Чемпиондар лигасында мұндай атаққа ие болды.
 

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 01:31