Алматылық “Қайрат” 0:1 есебімен “Олимпиакос” құрамасынан жеңіліп қалды
Фото: “Қайрат” фк
Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының 6-турында өз алаңында грекияның “Олимпиакос” командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос құрама алғашқы таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Бірінші таймның орта шебінде “Олимпиакос” алматылық клубтың қақпасына гол соқты.
Бірақ футболшы ойыннан тыс қалғандықтан (офсайд) гол есепке алынбады. Нәтижесінде бірінші таймды екі команда да есеп аша алмады.
Ал екінші таймда “Қайраттықтар” қарқынды үдеткенімен “Олимпиакостың” қорғаныс шебін бұзып өте алмады. Ойын барысында сары-қаралардың темір қақпашысы Темірлан Анарбеков қақпаны голдан бірнеше рет сақтап қалды. Алайда 73 минутта қарсылас сапынан Мартинш есеп ашты.
Осылайша “Қайрат” пен “Олимпиакос” арасындағы матч 1:0 есебімен грекия құрамысының пайдасына аяқталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

