Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңғысханның бір баласы ислам дінін, бір баласы христиан дінін ұстанды деген дерек бар – тарихшы Радик Темірғалиев

Алтын Орданың тарихын толығымен зерттеп алмай, Қазақ хандығын тану мүмкін емес екенін айтты.  Бұл туралы белгілі тарихшы  Радик Темірғалиев "Голос народа" Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фото: видеодан скриншот 

Тарихшының сөзінше, Қазақстан Алтын орданың қандай да бір мұрасын жекешелендіріп алуды ойлап отырған жоқ. Бұл – түркі халықтарының ортақ мұрасы.   

"Қазақтар Алтын Орданың жалғыз мұрагері деген жаңсақ пікір. Кәсіби мамандар, ғалымдардың бәрі "қазақтар Алтын орданың мұрагерлерінің бірі" деген пікірде. Бұл жерде баланс сақталу керек. Олай деп отырғаным бізде қоғамда ұлттық бөліну тұрғысынан "біз Алтын орданың жалғыз мұрагеріміз" деп айтатындар да бар. Шын мәнінде олай емес. Біз – өзбек, ноғай, қарақалпақ, башқұр, татар сынды  ұлттармен қатар Алтын орданың мұрагерлерінің бірі ғанамыз. Бәріміздің түбіміз бір, бір жеңнен шықтық, сондықтан оны тек өзімізге тарта беруге болмайды. Қаншама ұлтқа ортақ мұраны меншіктеп алу дұрыс емес. Бұл – түркі халықтарының ортақ мұрасы. Осыны ұмытпауымыз қажет. Ғылыми дәлелдерге сүйеніп, сол жағын ұстану керек", – деді тарихшы. 

Сондай-ақ тарихшы қай уақытта хандардың моңғол тілінен түрік халықтарының тіліне көшкені белгісіз екенін айтады. 

“Өйткені халықтардың арасына қандай да бір шекара қою қиын болды. Диалекттің қай жерде аяқталып, қай жерде басқа тіл пайда болатынын лингвистер немесе филологтар емес саясаткерлер шешеді. Олар мынау диалект, мынау тіл деп бөледі. Яғни, бұл ғылым емес, таза политикалық шешім деп айтса болады. Мәселен, оңтүстік Қытайдағылар солтүстік Қытайдағыларды түсінбесе, саясаткерлер бұны бұл біртұтас тіл, тек диалект деп қоя салады. Бірақ бізде қазақ тілі бөлек тіл, қарақалпақ тілі бөлек тіл, ноғай тілі бөлек тіл деп жариялады. Бұл тілдердің арасындағы айырмашылық аз болды”, – дейді ол. 

Сонымен қатар тарихшы Шыңғыс ханның балалары қандай дінді ұстағаны жайлы сөз қозғады. 

“Тарихи дереккөздердің бірінде Жошы ханның Ислам дінін қабылдағаны айтылады. Бірақ ол қателесуі де мүмкін. Жошы ханның әйелдерінің бірі Хансұлтан өзінен туған балаларды мұсылман ретінде тәрбиелеуге рұқсат берген. Жошы ханның ұлдарының бірінің аты Мұхаммед болған. Ал Берке ашық мұсылман болған. Бұдан Жошы ханның ислам дініне белгілі бір дәрежеде ықыласы болғанын айта аламыз. Бірақ сол тұста оның бауыры әрі қарсыласы Шағатай христиан дініне оң көзқараспен қараған. Марко Полдың деректерінде Шағатайдың христиан дінін ұстанғаны айтылады. Сол себепті ол Самарқандта шіркеу салуға рұқсат берген. Шағатайдың мұсылмандарды қудалауы да христиандыққа жақын болғанынан болуы мүмкін”, – дейді ол. 

Сондай-ақ сарапшы қазақ хандығы үстем құрған тұста оның экономикасы, алыс-берісі, қазақ руларының  жалпы ішкі өнімді өндіруде атқарған рөлі туралы айтты.

"Біріншіден, ол уақытта да  экономикаға аз көңіл бөлінбеді. Өйткені ондағы көптеген саяси оқиғалар кейбір экономикалық ойларға байланысты болды. Негізінде Қазақстан аумағында болған  мемлекеттердің барлығы "Жібек жолының" арқасында өмір сүргені белгілі. Осылайша, халықаралық транзитпен қамтамасыз етті және бұл қажет болды. Осы тәртіпті қамтамасыз ете алатын қандай да бір мемлекеттік аппарат болды деуге толық негіз бар. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің жалпы пайда болуының бір себебі осында болды", – деді Радик Темірғалиев. 

Талқылау