Тарихи жетістік: Қазақстандық садақшылар алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды

Даккада (Бангладеш) блоктық садақ атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстандық садақшылар ел намысын қорғап, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұлтуралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жерлестеріміз Азия чемпионатының ақтық сынында Үндістан елінің құрамасымен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Нәтижесінде 240:228 есебімен басым түсіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Жарыс жолында отандастарымыз 1/8 финалда Ирак құрамасын (234:225), ширек финалда Иран құрамасын (233:231) бәсекеден ығыстырды. Ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) ұтты.
Бұл айтулы дода ел намысын Ділмұхамед Муса, Бүнед Мирзаметов және Андрей Тютюн қорғады. Аталмыш додаға құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысып жатыр.
Еске салсақ, садақ ату – қазіргі таңда жүйелі түрде дамып келе жатқан 46 басым спорт түрінің біріне айналып отыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

