Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихи нәтиже: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Елена РыбакинаФото:Robert Prange/Getty Images

Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл – еліміздің теннис тарихындағы бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде жартылай финалған шыққан соң 7523 ұпаймен рейтингтегі орын жақсартты. Осылайша ол рейтингте екінші орында болған Польша елінің өкілі Ига Швёнтекті үшінші орынға ығыстырды.

Идиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакина финалға шыққан еді. Ол шешуші сында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкаға қарсы ойнады.
Тартыстқа толы матчта отандасымыз Беларусь теннисшісіне жол берді. Қос теннисші бұған дейін 2025 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында жолыққан.


Елена Рыбакина әлем чемпионатына қатыспайды


Белінен құшақтамақ болған: Елена Рыбакина турнирде жеңіске жеткен соң ыңғайсыз жағдайға тап болды


Сол кезде Елена Рыбакина басым түссе, бұл жолы Арина Соболенка қарымта қайтарды
Сондай-ақ Арина Соболенка рейтингкте көшбасшы орнын сақтап қалды.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 10:55