Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихи алтын:Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында топ жарды

Фото:Qaz_team

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында әйелдер күресінан ел қоржынына алғашқы алтын түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шұғыла Өмірбек 55 келіде финалға дейін жетіп, ақтық сында түркиялық Туба Демирмен белдесті. Айта кетейік, Туба Демир бірнеше жас санатында Еуропа чемпионы. Алтын үшін тартыста отандасымыз Демирді 12:8 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Бұл әйелдер күресінен Қазақстан қоржынына түскен алғашқы тарихи алтын жүлде.

Шұғыла Өмірбек жарыс барысында молдовалық әлем чемпионы Михаэл Симонды 10:2 есебімен ұтты. Бұған қоса жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Александра Войчилескуді 3:1 ұпайымен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Еуропа чемпионы неміс қызы Амори Андрихті 2:0 есебімен жеңген еді. 

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында осы уақытқа дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 25 Қазан, 2025 00:59
Талқылау