Алматы әуежайының 6,8 миллиард теңге дивидендті заңсыз төлегені анықталды

Қаржы министрлігі профилактикалық тексеріс барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметіндегі заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, тексеріс барысында акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға 6,8 миллиард теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленді.
“Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды”, – делінген хабарламада.
Алматы әуежайында әріптесін пара алды деп ұстап берген қызметкердің өзі сотталды
Депутаттың әйеліне тиесілі компания биыл Қазақстандағы жаңа әуежайдың құрылысын аяқтайды
Қаржы министрлігі қайтарылған ақша Алматы әуежайын дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да қызметтерді жақсартуға бағытталатын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін бағаны көтергені үшін қазақстандық қос әуежай жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті