Қостанайда даму ерекшелігі бар балаларға арналған орталықта тәрбиеленуші қызға үтік басты деген айып тағылды
Қостанайда даму ерекшеліктері бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер орталығында тәрбиеші жасөспірім қызға үтік басып жазалағаны туралы ақпарат тарады. Полиция қатыгездік жасау фактісі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ақпарат әлеуметтік желілерде және ата-аналар қауымдастығында тарала бастады. Бұл резонанс пен қоғамның наразылығын тудырды.
Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 110-бабы "азаптау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растады. Бұл бапта үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Болған оқиғаның мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Әлеуметтік қызметтер орталығы қызды ауруханада жатқызудың қажеті жоқ екенін жеткізді. Жасөспірім қазір амбулаториялық ем алып жатыр. Алайда дереккөздердің хабарлауынша, қыз ыстық үтікпен жанасу нәтижесінде термиялық күйік алған болуы мүмкін.
Қазір күдікті қызметкердің жеке басы ресми түрде айтылмайды. Сондай-ақ ол мекемеде жұмысын жалғастырып жатыр ма немесе тергеу кезінде қызметінен шеттетілді ме, бұд жағы хабарланбады.