Тараздық жігіт әскерге бару үшін 20 келіге арықтаған
Тараздық Никита Шевнин Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеу үшін бірнеше айда 20 келіге арықтаған. №5546 "Батыс" әскери бөлімі сарбазының бойы 1 метр 99 сантиметр. Жігіт өз төсегіне әрең сыяды, ал аяқ киімі 47-ші өлшем екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Никита арнайы орта білімді Тараздағы теміржол колледжінде алған. Айтуынша, әскери қызмет жайлы оқып жүрген кезден ойлай бастаған.
"Әскери борышымды мұнай астанасы Атырау қаласында, №5546 әсери бөлімінде өтеп жатырмын. Борышты өтеуге Тараздан 2021 жылдың желтоқсанында шақыртылдым. Колледждің 4-курсын оқып жүргенімде бірден әскерге баруды ойладым. Жазда шақырту пунктіне барып едім, бірақ артық салмақпен проблема болды. Ол кезде салмағым 140 келі еді. Бас тартқан соң оқуды жалғастырайын деп шештім. Спортпен шұғылданып, бірнеше айда 20 келіге арықтадым. Қазір шамамен 112 келімін. Ал бойыма келетін болсақ, мектеп кезінде тез өстім. Әскери борышымды өтеу кезінде, әрине, үйренісе алмадым. Барлығы назар аударып, бойымды сұрайтын", – дейді Никита Шевнин.
Атырауға барар жолды Никитамен №5546 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары подполковник Байрам Алиев сөйлескен екен. Әңгіме барысында Никита подполковникке әскерде 90 келіге арықтайтынын айтып, уәде берген.
"Әскери борышын өтеп жатқанына 3 ай болды. Командирлер мен өзге сарбаздар оның бойына және салмағына үйренді. Никита мектепте де, колледжде де қатарластарынан өзінің бойымен ерекшеленген. Сонымен қатар оның ойынша, әскери міндетін барлық ер адам атқаруы керек", – деді подполковник Ерболат Сұлтанов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
