Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы өрттен 3 адам қайтыс болды

Тараздағы өрттен 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам қайтыс болды. Апат құрбандары 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтар.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел  мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше  туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газбен уланып қайтыс болған", - дейі ол.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші  бөліміне хабарлама түнде  сағат 3:26 да келіп түскен. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 4-24 минутта өрт толығымен сөндірілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр