Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы оқушы қыздың зорлануы: Облыс әкімі оқиғаға байланысты жауапкершілікті сезінетіндігі жайлы жауап берді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараздағы мектептің дәретханасында қыздың зорлануына байланысты жауапкершілікті сезінетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әрине, сезінемін. Облыс әкімі аймаақтағы барлық мәселе үшін жауап беруі керек", - деді Асқар Мырзахметов.

Бұған қоса облыс басшысы аймақтағы барлық мектептің ішінде дәретхана салынатын болады деп айтты. Сөзінше, облыста 442 мектеп орнасқан. Ал олардың 260-ында әжетхана мектептің сыртында екен. 

"Аймақтағы мектепде дәретхана салынады. Өкінішке орай, сұмдық оқиғадан кейін әкімдік тарапынан қандай шаралар іске асыратындығын біз айтқан едік. Дегенмен біз оқиға орын алмай тұрып бұл мәселені сарапқа салған едік", - деді шенеунік. 

Мырзахметовтың сөзінше, сараптама барысында мектептердің канализация мен су жүейсі тексерілген. Оның нәтижесінде 108 мектептің ішінде дәретхана салуға болатындығы анықталған, ал қалғандарында мектептің жанынан қосалқы нысан тұрғызу қарастырылыпты. 

"Есептер мен жоспарлар құрастырылды. Келесі жылдан бастап су мен канализация жүйесі бар мектептерде дәретханалар тұрғызу қолға алына бастайды", - деп қосты Жамбыл облысының әкімі.

Алдын ала құрылған жоспар бойынша дәретханалардың құрылысына 640 миллион теңге кететін көрінеді. Бұған қоса канализация жүйесі жоқ аймақтарда кететін шығын тағы көбейетін түрі бар. 

Естеріңізге сала кетейік, Таразда көшедегі мектеп дәретханасында оқушы қыздың зорланғаны айтылған еді. 

 

 


 

Талқылау