AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы ауруханада балалар дәлізде жатыр: Оқиғаны бас дәрігердің орынбасары түсіндірді

Жамбыл облысының көпсалалы балалар ауруханасында дәлізде жатқан балалардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Чинібеков азаматтардың наразылығына жауап берді. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода аурухананың дәлізі бейнеленген. Науқастарды күтуге арналған орындықтар балалар мен ересек пациенттер жататын төсек жапқыштармен жабылған. Сонымен қатар, науқас адамдар жатқан бірнеше төсек дәлізге шығарылды.

Сейдахмет Чинібековтің айтуынша, видеода көрсетілген науқастардың палатасында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан, сол себепті олар дәлізге шығарылған. 

"Күз-қыс мезгілі жедел респираторлық аурулардың көбеюімен ерекшеленеді. Күніне өкпе бөлімшесіне 100-130 науқас жүгінеді. Стационарлық емделуді қажет ететін балалардың саны артып келеді. Ауруханаға жатқызылған балалардың барлығына ПТР анализі жүргізіледі. Коронавирустық инфекция теріс нәтиже алғаннан кейін балалар мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылады. Палатада дезинфекция, кварцтау, желдету, төсек-орын ауыстыру жұмыстары жиі жүргізіледі. Бұл балалар тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан уақытша дәлізге отырғызылды", - деп түсіндірді бас дәрігердің орынбасары.

Әлеуметтік желіде кейбір балаларды қабылдамай, "түнде жаңбырда Байзақ ауруханасына айдап әкетеді" деген ақпарат тарады. Чинібеков бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Расында, балалар көп. Бірақ бізде ондай жоқ, Байзаққа ешкімді жіберген жоқпыз. Әзірге ешкімнен бас тартқан жоқпыз. Бізге өтініш білдірген барлық балаларды қабылдаймыз", - деп сендірді Сейдахмет Чинибеков

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр