Таразда жасөспірімдер зорлаған оқушы қызға қатысты іс сотқа жетті
Таразда топпен зорланған 12 жастағы қызға қатысты іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотына жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Істің сотқа жеткенін жәбір көрген қыздың анасы айтты. Адвокаттың айтуынша, іс Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Бұған дейін 12 жастағы қыздың анасы көрші тұратын бірнеше жасөспірімнің қызын топпен зорлап, онысын видеоға түсіргенін айтқан еді. Бұл туралы білгенде ол бірден полицияға шағым түсірген.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Арзымбетова сараптаманың қорытындысы шықпастан қылмыстық іс екі рет тоқтатылғанын айтты.
Бұған дейін Жамбыл облысында жасөспірімдердің қызды топтасып зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады