Таразда жойқын дауыл түрменің шатырын жұлып әкеткен
Өткен тәулікте Жамбыл облысында желдің күшеюі салдарынан орын алған дауыл Тараздағы әкімшілік ғимаратты зақымдады.
Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«6 желтоқсанда жылдамдығы 28 м/с, екпіні 32 м/с-қа жеткен күшті жел салдарынан Таразда Жамбыл даңғылы бойында орналасқан ЖД 158/1 Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті әкімшілік ғимаратынының металл шатырын жұлып кетті», – делінген хабарламада.
Зақымданған алаң аумағы 200 шаршы метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады облыстық ТЖД-інен.
Талқылау