Таразда жасөспірімдер TikTok-тағы видео үшін төбелесті: Біреуі пышақ жарақатын алды
Таразда 15 және 17 жастағы жасөспірімдер TikTok-тағы видео үшін қақтығысып қалды. Төбелестің бастамашысы басқа жас жігітпен бірге видеоға түскен қызды қызғанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, үшінші жасөспірім достарын ажыратуға тырысқан кезде пышақ жарақатын алған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Жәбірленушінің айтуынша, оған жанжалды бастаған жігіт пышақ ұрған. Күдікті оқиға салдарынан қорқып, бірден ізін суытқан.
Тараз қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық", яғни 293-баптың үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Осы бап бойынша қылмыс жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айыруға әкеп соғады.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін ұсталған 15 жастағы Тараз тұрғынынан жауап алуда. Осыдан кейін полиция бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешеді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ