Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жасөспірім салынып бітпеген ғимараттың жоғарғы қабатынан секірген

Тараздық жасөспірім құрылыс болып жатқан жерде секіріп, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет: Astana TV

Тараз полицейлерінің мәліметінше, оқушы Қаратай Тұрысов көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттан секіріп кеткен.

"Жасөспірім аяқталмаған ғимараттан секіргені анықталды. Осы фактке қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі "суицидке дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.  ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етілмейді", – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Талқылау