Таразда жаңа туған сәбиді перзентханадан ұрлаған әйел баланы сатпақ болған
Таразда перинаталды орталықтан нәресте ұралып кеткен әйел 7 жылға сотталды. Әйел адам баланы сатпақшы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Қылмыскер Жапанованың кінәсі толығымен дәлелденді. Полиция қызметкерлері куәгерлерді тапты, олар сот отырысы барысында бәрін растады. Перинаталды орталықтан алынған видео және басқа да дәлелдер қарастырылды", - деді Сот Ербол Дүйсенбаев.
22 жастағы бала ұрлаушы өз кінәсін мойындады. Өткен жазда еш кедергісіз орталыққа келіп, палатадан баланы алып кеткен. Баланының анасы одан бас тартқан деп басқа отбасына сатпақшы болған. Қылмыскер 800 мың теңге алып үлгерген. Оның қылмысы бақылау камерасы арқылы анықталған.
Кадрда ол бала салынған сөмкесімен перзентханадан шығып барады. Кәмелетке толмаған баланы ұрлады деген айыппен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімге қоса алаяқтық жасады деп танылған алдыңғы қылмысының 3 айы да қосылды. Қылмыскердің үш баласы әкесінің қамқорлығында қалады.