Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда сауықтыру кешені атын жамылған 3 притон анықталды

Таразда полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притонды жойды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

притон

Тараздағы "Stop-трафик" жедел алдын алу іс-шарасының үш күні ішінде полиция қызметкерлері Сыпатай батыр, Исатай батыр және Бейбітшілік көшелеріндегі сауықтыру кешендерінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырумен және жұмысын жүргізумен айналысқан 34 жастағы және 48 жастағы екі әйелді ұстады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы - "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, 49 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы - "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы - "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру" бойынша үш әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Профилактикалық есепке “сутенер” санаты бойынша екі адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бес әйел қойылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр