Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда салмағы 6 келі 265 гр. сәби дүниеге келді (фото, видео)

Таразда қалалық перинаталды орталықта 25 шілде күні сағат 04:00- де салмағы 6 келі 265 гр, бойы 67 см. болатын қыз бала өмірге келді,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

бала

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 7 жылда қалада мұндай оқиға тіркелмеген.

балақай

Туғаннан жұрт назарын өзіне қаратқан балақай ешкімнен жатырқамаған.Өзін көтерген ересектерге ойлы көзімен қарап, сабырмен жан-жағын шолып тұр.

сәби6

Премушка Алена 29 жастағы қала тұрғыны осымен үшінші баласын дүниеге әкелген. Балаларының барлығының салмағы ауыр болыпты.

6кг

«Қалған балалары 3 кг 500гр, 4 кг 500 гр салмақпен туған. Үш баланы да анасы өзі босанды. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Салмағы бес келіден асатын сәбилер бізде «гигант-бала» саналады»- дейді қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қаракөз Сағынғалиева.

Анасы сәби дүниеге келмес бұрын дәрігерлерден оның ерекше ірі болатынын білген. Үш баланың анасы  жүктіліктің тура 9-шы айында, табиғи жолмен еш қиындықсыз босанғанын айтады.

Оқи отырыңыз:

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау