Таразда полицейлер 130 адам жиналған тойды тоқтатып тастады
Таразда полицейлер 130 адамдық тойды тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz басылымына сілтеп.
Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі карантиндік шараларды күшейтті. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы жасыл аймақта, ал Тараз қаласы қызыл аймақта орналасқан. Адамдар көп жиналатын орындар мен қаланың ойын-сауық орындары ерекше бақылауда болады. Олар карантин, маска режимі және әлеуметтік қашықтық талаптарының сақталуы тұрғысынан үнемі тексеріліп отырады. Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 130-ға жуық қонақтың қатысуымен отбасылық салтанатты өткізу фактісін анықтады.
Тойды ұйымдастырушыға қатысты "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша материал жиналып, бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді.
"Қазір азаматтарды вирус пен пневмонияға қарсы егу белсенді жүргізілуде, алайда жұқтыру қаупі ашық күйінде қалып отыр. Облыстың әрбір азаматының борышы – адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, үй – жайларда бетперде киюді жалғастыру және өзінің өмірі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін әлеуметтік қашықтықты бұзбау", - деп атап өтті ведомстводан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
