Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда өзіне қол салған жасөспірімнің сыныптастары мектептегі қудалау туралы айтты

Таразда 12-қабаттан секіріп кеткен 9-сынып оқушысы жер қойнына тапсырылды. 14 жастағы оқушының мұндай қадамға не үшін барғаны әлі белгісіз. Өзіне қол салмас бұрын марқұм хат жазып қалдырған, қазір жазбаны мамандар тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

үй

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте күндіз болған. Жасөспірім 12-қабаттағы балконға шығып, гитарада ойнап отырған. Біраз уақыт музыка тыңдаған. Хатты да сол жерде жазуы мүмкін. Онда отбасы мен жақсы көрген қызынан кешірім сұраған. 

Қазір оқиғаға қатысты барлық нұсқа тексеріліп жатыр. "Өзіне-өзі қол салуға дейін жеткізу" бабымен іс қозғалған. Бір нұсқа бойынша, жасөспірім мектеп басшылығының қудалауына шыдамаған. Сыныптастарының сөзінше, оларға оқушының ұзын шашы ұнамаған көрінеді. Алайда білім ордасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Сырт келбеті келісті еді. Отбасы да жақсы болатын. Әдемі костьюм, жақсы аяқ киім. Тиісетін де нәрсе болмады. Соңғы күні директордан шыққан жоқ. Таңертең мектепке келмеді. Сондықтан іздеп, тапты. Мектепке қобалжулы болып келді. Шын мәнінде не болғанын полиция анықтайды", – деді Тараздағы №24 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Оксана Бояринова. 

Еске салайық, Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған

Талқылау