Таразда қызға таласқан оныншы сынып оқушысы колледж студентін өлтіріп кетті
Таразда оныншы сынып оқушысы пышақ салып студентті өлтірген. Алдын-ала дерек бойынша, бастапқыда екі жігіттің арасындағы дау қыз үшін басталған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оқиға өткен жексенбі күні Тараздағы ықшамаудандардың бірінде орын алыпты. Ақбұлым ауылында тұратын М. есімді мектеп оқушысы Тараз химия-механика колледжінің К. есімді студентімен сөзге келіп қалады.
Дау пышақ салумен аяқталған. Қарсыласына пышақ қадаған М. бірден оқиға орынынан қашып кеткен. Есін жинай алған К. жедел жәрдем шақырып үлгергенімен, оны құтқаруға дәрігерлер қауқарсыз болған. Жігіт операция үстелінде көз жұмды.
Ал жігітке ауыр пышақ жарақатын салып, оның өліміне себепкер болған М. ұсталды. Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматыда студент жігіт тағып жүрген тұмарының кесірінен ауырып асылып қалған
Ақмола облысында жас жігіт әйелімен ұрысып өз туған күнінде асылып қалған
Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)
Қайырымды жандар Шымкентте целлофан сатып күнелткен көпбалалы отбасына көмектесе бастады