Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы көшелердің біріне Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді

Шәкен НиязбековФото: Видеодан скрин

Таразда көшелердің біріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді. Суретші ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тарихи тұлғаның атын көшеге беру мәселесін қоғам белсенділері бірнеше жыл бойы көтеріп, табандылықпен талап етті. Бұл оңай шешім болмағанымен, атқарылған еңбек өз нәтижесін берді. 

Енді қаланың бір бөлігі ресми түрде Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторының атымен аталады. Тәуелсіздік жылдары ұсынылған 1200-ден астам нұсқаның ішінен Шәкен Ниязбеков әзірлеген ту үлгісі үздік деп танылып, бүгінде 33 жыл бойы пайдаланылып келеді.

Сондай-ақ таяуда Шәкен Ниязбековтің есімі қаладағы мектеп-гимназияға да ресми түрде берілмек. Қазірдің өзінде аталған білім ордасының ең көрнекті әрі құрметті тұсына суретшінің бюсті орнатылған.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың айтуынша, бұл бастаманың тәрбиелік мәні зор.

"Бұл бюстің дәл осы мектепте ашылуы символдық мәнге ие. Себебі дәл осы жерде өсіп келе жатқан жас ұрпақ патриоттық тәрбие алып, жерлесімізді әрдайым құрметпен еске алады", – деді депутат. 


"Тарихи жауапкершілікті сезінуіміз керек": Тоқаев Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады


"Артынан 2 мың адамды ерткен": Қыршыннан кеткен Желтоқсан оқиғасының құрбандары туралы не белгілі


Еске салайық, бұған дейін Тәуелсіздік күніне орай безендірілген азық-түлік дүкені қазақстандықтардың ықыласына бөленгенін жазған едік. Астанада азық-түлік дүкенінің иесі көк шар мен Туымызды іліп, дүкен ішін мерекеге орай безендіріп қойған. Сондай-ақ желі қолданушылары қазақстандықтарды дүкеннің саудасын жүргізуге шақырып жатыр.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025 10:05