Таразда кәсіпкер "Apple" сауда белгісін заңсыз пайдаланып келген
Фото: depositphotos.com
Таразда жеке кәсіпкердің "Apple" сауда белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында жалпы сомасы 111 мың теңгеге 33 дана қап, USB Adapter – 3 дана, Air Pods Copia – 3 дана сату мақсатында "Apple Inc." компаниясының тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтаған.
Жеке кәсіпкер кінәсін мойындаған, алайда тиісті хабарламаға қарамастан сот отырысына келмеген.
Кәсіпкер ретінде тіркелмей, шетелден көп тауар алдыратын қазақстандықтарға айыппұл салынады
"Сот кінәсін мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде анықтап, айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартты. Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Е кінәлі деп танылып, тауарлар тәркіленіп, 82 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды", – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада заңсыз цех ашып, тартылған етке тұяқ қосқан кәсіпкер анықталған еді.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
