Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ер адам көршілері мен құтқарушылардың көз алдында 5-қабаттан секіріп кетті

Ер адам суицид жасадыФото: Halyqstan Telegram арнасы

Қайғылы жағдай Тараздағы Ұлы Дала шағынауданында болған. Жедел жәрдем пультіне 51 жастағы ер адамның суицид жасағалы тұрғаны туралы хабар түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Halyqstan Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, жедел жәрдемге хабарласқандар ер адамның психоневрологиялық есепте тұрғанын айтқан. Оқиға орнына дереу психиатриялық бригада жіберілді.

Дәрігерлер мекен жайға жеткенде ер адамның бесінші қабаттағы пәтерінде қамалып отырғанын анықтады. Кейін полиция мен құтқарушылар шақырылып, қосымша мамандандырылған жедел жәрдем бригадасы да жіберілді.

Полицейлер мен дәрігерлердің сөздеріне ер адам агрессивті түрде жауап беріп, есікті ашпай қойған. Сол себепті құтқарушылар автосатының көмегімен балкон арқылы пәтерге кірмек болған. Сондай-ақ төмендегілер қауіпсіздік үшін арнайы төсеніш жайды. 

Алайда мамандар балконға көтерілген кезде ер адам кенет төменге секіріп кеткен.

Қазақстандық ағаштағы мысықты құтқарамын деп өліп кетті

Қазақстандық ағаштағы мысықты құтқарамын деп өліп кетті

Оқыңыз

Құтқарушылар оны ұстап үлгергенімен, ер адам бар салмағымен құлаған, салдарынан ол бас-мидың ашық жарақатын, ми жарақатын алған және мойын омыртқалары сынған. Ауыр жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 08:57