Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ағаштағы мысықты құтқарамын деп өліп кетті

50 жастағы мысықты жерге түсіремін деп көз жұмдыФото: Рexels.com

Павлодар облысында ер адам ағаштағы мысықты жерге түсіремін деп мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның көз жұмғанын растады. Басқарманың мәліметінше, ер адамның әр жері сынған, сондай-ақ ол жедел жәрдем травмалық шок жағдайында Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілген. Алайда ер адам ауруханада көз жұмды.

“Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам мысықты түсіруге көмектесемін деп көз жұмды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, өзі көз жұмды


Алдын ала деректер бойынша, ер адам шамамен 6 метр биіктіктен құлаған.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 15:33